Ерекше балалардың ата-аналарына арналған хакатон финалы өтті

Бүгін «Мама Про» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен хакатонның финалдық кезеңі өтті. Байқауда 27 команда ерекше балалардың ата-аналарына қажет мамандарды табуға көмектесетін жобаларын таныстырды, деп хабарлайды 24KZ.

Мәселен, қатысушылардың бірі маманның қабылдауына жазылу немесе сабақ уақыты туралы еске салатын Telegram-бот әзірлеген. Ұсынылған жобалардың тиімділігін қазылар алқасы бағалайды. Мұндағы қосымшаларды әзірлеуге ерекше балалардың аналары да атсалысып, өз ұсыныстарын айтты. Жеңімпаз атанған топқа жобасын дамытуға 300 мың теңге беріледі. Мұндай орталық Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент және Қостанай қалаларында жұмыс істейді. Ата-аналар балаларымен келе алады, үлкендер курста отырғанда бүлдіршіндер тәрбиешілердің қарауында болады.

Алена Ким, «Мама про» қоғамдық қоры, Алматы филиалының директоры:

– Біз жастардан ата-аналарға көмектесудің бірнеше жолдарын ұсынуды сұрадық. Себебі баласына диагноз қойылғаннан соң, көптеген сұрақпен жалғыз қалады. Қайда бару керек? Оңалтуды неден бастаған жөн? Түзету сабақтарына қайда жүгінген дұрыс? Балаға нақты қандай маман қажет? Осы және өзге сұрақтарға жауап табу оңай емес.

Артур Егізбаев, қатысушы:

– Біздің жоба ерекше балалардың ата-аналарына көмектесуге арналған. Жобаны әзірлеуге екі апта уақыт кетті. Біздің қосымшаны мектептерге де енгізуге болады. Мұғалімдерге көмектесіп, тұтас сыныптың жұмысын ұйымдастыруға көмектесе алады. Қосымша Telegram-бот арқылы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз: