Қазақстанда үш мыңнан аса арнайы педагог жетіспейді

Елде ерекше білім беруді қажет ететін 237 мың бала бар. Оларға 541 ұйым мен 11 мың арнайы педагог қолдау көрсетеді. Алайда бұл жеткіліксіз. Салада 3 мыңнан аса маман жетіспейді, деп хабарлайды 24KZ.


Кадр тапшылығы әсіресе республикалық маңызы бар қалалар мен Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Құрылтайдағы Үкімет сағатында осылай деген Оқу-ағарту министрі мәселенің қалай шешіліп жатқанын да баяндады. Кадр тапшылығын қысқарту мақсатында колледждерде 500 логопед пен 200-ден аса педагог-ассистент оқытылып жатыр. Сондай-ақ бүгінде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ведомствоаралық кешенді жоспарды іске асыру қолға алынды. 5 жылға арналған бұл құжат балалардың бірдей білім алу құқығын қамтып, оқушылардың қажеттілігін уақытылы анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз: