Алматыда студенттің өліміне қатысты күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ.

Марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курсында оқыған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. Студенттің не себепті, қалай қаза тапқаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу-тексеру жұмыстары жүруде. Университет басшылығы марқұмның отбасына қажетті материалдық және моральдық қолдау көрсетілетінін хабарлады. «Сонымен қатар университет жағдайдың объективті қаралуына жан-жақты жәрдем көрсетуде», – дейді оқу орнының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз: