Өскеменде суды тұтыну мөлшері онлайн бақыланады

Өскеменде суды тұтыну мөлшері бақылауға алынады. Ол үшін көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі мен су жинау тоғандарына мыңнан астам құрылғы орнатылады. Бұл қондырғы қаланы сумен қамтитын мекеменің бірыңғай базасына тікелей қосылады, деп хабарлайды 24KZ.

Осылайша, мамандар судың қанша жіберілгенін, тұтыну мөлшерін онлайн режімде көре алады. Ақылды жүйені құрып,іске қосу үшін «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобасы аясында 4 млрд теңге бөлінеді. Жалпы қалада көпқабатты үйлердің 302-сі ғана ортақ есептеу құралымен жабдықталған.

Наталья Лукерина, «Өскемен-Водоканал» мекемесінің инвестициялық жобалар жетекшісі:

– Бұл жоба сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Кез келген апаттық жағдай мен ақау туралы ақпарат лезде түседі. Нәтижесінде желілерге түсетін жүктеме азаяды деп ойлаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: