Қазақстан – энергетика саласында көшбасшы

Қазақстан Орталық Азияның энергетика саласында көш бастап тұр. Халықаралық World Energy Review зерттеуінің биылғы қорытындысы осындай, деп хабарлайды 24KZ.

Аймақтағы жалпы мұнай өндіру көлемінің 88%-ы елімізге тиесілі. Былтыр тәулігіне 2 миллионнан аса баррель мұнай өндірілген. Бұл бұған дейінгі межеден 12%-ға көп. Ал шикі мұнай экспорты тәулігіне 1,2 млн баррельден асқан. Қазақстан көмір өнеркәсібіндегі жетекші орнын нығайтты. Оның көлемі жыл ішінде 120 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар жел электр станцияларының қуаты бойынша да алдыңғы орында. Ал табиғи газ және күн электр энергиясын өндіруде өңірдегі үш ірі мемлекеттің қатарына енді. Экономикалық көрсеткіштер де еселі. Орталық Азиядағы бес мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің жартысынан астамы біздің елдің еншісінде.

Сондай-ақ оқыңыз: