270 мыңнан астам қазақстандық ЖИ-ді меңгереді
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеріп шығады. «Әділет» партиясы «Жасампаз AI» республикалық жобасын қолға алды. Алғашқы іс-шара еліміздің батысы мен Шымкент қаласында өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Оралда қатысушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы терминалдар арқылы жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуді үйренді. Ал Шымкентте «SHYMKENT AI FORUM» технологиялық форумы өтті. Жиында жасанды интеллектінің даму келешегі мен оны түрлі салаларға енгізу мәселелері талқыланды. Startup Alley алаңында инновациялық өнімдер көпшілік назарына ұсынылды. Жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бастама Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Өскеменде «Әділет» партиясының Жастар қанаты студенттер арасында интеллектуалды квиз өткізді.
Жанат Макеева, «Әділет» партиясы ШҚО филиалының төрағасы:
– Шығыс Қазақстан облысының белсенді жастары Президентіміздің жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған ойын түрінде осы QWIZ ойынын ұйымдастырып жатыр. Себебі біздің жастарымыздың көпшілігі белсенді қатысып жатыр қоғамдық жұмыстарға, өңірдің саяси бағыттарына да белсенді қатысып жатыр.