Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-орынға көтерілді

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың үздік жиырмалығына енді. БҰҰ рейтингінде еліміз 24-орыннан 16-орынға көтеріліп, екі жыл ішінде өз көрсеткішін бірден сегіз тармаққа жақсартты.

Бұдан бөлек, Қазақстан бар болғаны 21 мемлекет енген ең жоғары рейтингтік санатқа алғаш рет кірді. Бұл қатарда Дания, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ бар. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші орнын сақтап қалды. Оң серпін бірден бірнеше бағыт бойынша байқалған. Атап айтқанда, ұялы байланыс пен интернеттің қолжетімділігі жөнінен еліміз 41-орыннан 13-орынға жоғарылады. Халықтың цифрлық сауаттылық көрсеткіштері, сондай-ақ білім беру деңгейі мен цифрлық дағдылары да жақсарған. БҰҰ сарапшылары eGov.kz және eGov Mobile платформаларының дамуын ерекше атап өткен. Олар мемлекеттік қызметтерді, цифрлық сәйкестендіруді және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын біріктіретін цифрлық мемлекеттің интеграцияланған жүйесінің үлгісі ретінде көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз: