UNICEF: Йемендегі соғыс 64 баланың өмірін қиды

Йемендегі соғыс 64 баланың өмірін қиды. Тағы осыншама бүлдіршін жараланды. Бұл – БҰҰ Балалар қорының дерегі. Билік әскері мен йемендік хуситтер арасындағы қақтығыс 3 ай бұрын басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Содан бері 330 мыңнан аса адам босқынға айналды. Жартысынан көбі – балалар. Ахуал әсіресе Таиз бен Лахдж провинцияларында қиын. Мұнда 7 мектеп пен 28 мектеп қирады. Жанармай мен азық-түлік бағасы аспандап тұр. UNICEF-тің мәліметіне қарағанда, жарты миллион оқушы сабаққа бармайды. Медициналық көмекке жүгінген әр үшінші бала тойып тамақ ішпейді. Халықаралық қауымдастық екі жақты бейбіт тұрғындарды қорғауға және гуманитарлық ахуалды реттеуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: