АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге қойылған шектеу жойылды
АҚШ-та федералдық сот Трамп әкімшілігінің шетелден келген студенттер мен журналистердің елде болу уақытын шектеу туралы ережесінің күшін жойды. Ішкі қауіпсіздік министрлігі енгізген жаңа тәртіп бойынша, шетелдік студенттер мен зерттеушілердің елде болу мерзімі 4 жылмен, ал тілшілердің уақыты 40 күнмен шектелген еді., деп хабарлайды 24KZ.
Белгіленген мерзім аяқталған соң АҚШ-та қалу үшін қайта өтініш беріп, арнайы рұқсат алу талап етілді. Алайда Массачусетс штатының федералдық соты бұл шектеу негізсіз деген қорытындыға келді. Себебі үкімет жаңа тәртіптің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қалай ықпал ететінін дәлелдей алмаған. Керісінше, мұндай талап журналистердің қызметіне кері әсер етуі мүмкін екені айтылды. Нәтижесінде сот шетелдік студенттер мен журналистерге қатысты бұрынғы ережені күшінде қалдырды.