АҚШ-та Киберқауіпсіздік басқармасының директоры қызметінен кетеді
АҚШ-та Киберқауіпсіздік басқармасының директоры Джон Кэрнкросс қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған жақында елде болған ірі техникалық ақаулар түрткі болған. Осы айда АҚШ-тың ақпараттық жүйелері дұрыс жұмыс істемей, Microsoft платформаларын пайдаланатын жүздеген млн адам зардап шекті. Сондай-ақ ұшақтарды бақылау жүйесіндегі ақаудан 18 мыңнан астам рейс тоқтатылды. Енді Кэрн-Кросстың міндетін уақытша АҚШ Қорғаныс министрлігінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас маманы Кирстен Дэвис атқарады.