Президент: Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайды

Қазақстанның агроөнеркәсіп өнімдері экспорты соңғы жеті жылда екі есе өсіп, 7 млрд долларға жуықтады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Шетелге сатылған өнімнің 52 пайызы өңделген өнімге тиесілі. Осы кезеңде елде азық-түлік өндірісі 28 пайызға артты. Ауыл шаруашылығында жалпы құны 2 трлн 700 млрд теңге болатын 1630 инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.

цифрлық технологиялар қолданылып, саланың қазіргі жағдайы туралы нақты деректер жиналды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары екенін айтып, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. Әрі ауыл мен аграрлық секторды қолдауға арналған бағдарламалардың тиімділігін тексеруді тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін оларға тиісті жағдай жасау қажет. Бұл – дұрыс. Алайда соңғы жылдары ауыл шаруашылығына қатысты «аттары бөлек, бірақ заттары бірдей» бағдарламалар тым көп болып кеткен сияқты. Мәселен, қазірдің өзінде «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», «Кең дала», «Береке», «Жайлау», «Игілік», «Сыбаға» және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Әрине, әр жоба осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін жазылады. Бірақ сол жұмыстың бәрі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр? Меніңше, бұл – заңды сұрақ. Бізге бағдарламаның саны емес, ауыл шаруашылығының сапалы дамығаны керек. Сондықтан Үкімет ауыл мен аграрлық секторды қолдау үшін дайындалған осындай құжаттарға жан-жақты талдау жүргізуге тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: