Алакөл жағалауын бекіту жұмыстары аяқталуға жақын
Қазақстан туризмді барынша дамытуға бейіл.
Қазір Алакөлдің Жетісу аумағындағы жағалауын бекіту жұмысы аяқталып қалды. Жоба құны – 17,8 млрд теңге. Жалпы Алматы облысында Қайыңды көлі мен «Көшпенділер қаласы» туристік нысанына апаратын жолдар салынды. Ал Абай облысында 7,9 млрд теңгеге «Алакөл - Көктал» электр желісінің құрылысы жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Щучье-Бурабай курортын, Маңғыстау туристік өңірін және Алматы тау кластерін кешенді дамыту жоспарлары бекітілген. Жоспардағы 300-ге тарта іс-шараның 61-і орындалып, пайдалануға берілді. Ақмола облысындағы Зеренді аумағы да туристер үшін жайлы демалыс аумағы болмақ.
Нұрбол Байжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
- Ақмола облысында негізгі екі көліміз бар. Басқа көлдерге ағындау бағыттауды біз кешенді жоспар аясында жүзеге асырып жатырмыз. 29 жылға дейін Үлкен Шабақты, басқа да көлдерге инфрақұрылым тартып, жаңа нысандар ашып, о жаққа туристерді тарту жоспарда бар. Қазіргі уақытта, мысалы, 10 км веложол ашылды. 8 қарау алаңы ашылды. Зеренді жақта да туристік бағыт бойынша дамыту бойынша іс-шараларды әкімдік қарастырып жатыр.