Қазақстандықтардың ұзақмерзімді салымдары 8,64 трлн теңгеге жетті
Қазақстандықтардың ұзақмерзімді салымдары бір жылда 8,1 пайызға өсті. Ұлттық валютадағы ұзақмерзімді депозиттердің көлемі 8,64 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Банктердегі жеке тұлғалардың салымдары 30,67 трлн теңгені құрады. Бір жылда бұл көрсеткіш шамамен 16 пайызға артқан. Ал теңгедегі мерзімді және жинақ депозиттердің көлемі 22,68 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 25 пайыздан асты.
Ұзақмерзімді жинақтар бойынша ең жоғары өсімді Отбасы банк көрсетті. Бір жылда көрсеткіш 3,38 трлн теңгеге жетті. Екінші орында ForteBank, үшінші орында FreeDom Bank тұр.