Ұлттық экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі келер жылға арналған бюджетті бекітті. Бұған сәйкес, қазынаға құйылатын қаражаттың 1 трлн теңгеден астамы өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылым және агро-өнеркәсіп кешенін дамытуға жұмсалмақ. Холдингтің қатысуымен 2,7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Келер жылы ұлттық компания жобаларды қаржыландыруға қажетті қаражаттың 54 пайызын нарықтан тартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте екінші деңгейлі банктердің бизнесті қаржыландыруға қатысуы өз алдына бөлек бағаланады. Холдинг қызметі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған инвестициялық тиімділікті арттыру және экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланады. Тиісінше, Премьер-министр Холдингтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі, ішкі аудит және сатып алу рәсімдерін бақылау жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз: