Спортта 8 миллиард теңге үнемделді

Қазақстандық теннисші жыл үздігі атануы мүмкін. Әйелдер теннисі қауымдастығы жыл сайынғы WTA Awards сыйлығының үміткерлер тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина да бар. 

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр

Фавориттер жеңіске жетті. Астанада ауыр атлетикадан жылдың басты жарыстарының бірі ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Оған 200-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыстың кезекті күні бәсекесі жоғары салмақтарда ел үздіктері анықталды. Нәтижесінде ерлер арасында 70 келіде жетісулық Ақмолда Сайрамкез ең жақсы нәтиже тіркеді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 302 келіні бағындырды. Күміс түркістандық Дәулет Алпысбайға, қола тағы бір жетісулық Сергей Чуевқа бұйырды. Ал 75 келіде алматылық Петр Хребтов өз мықтылығын дәледеді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 323 келіні басынан асырды. Қызылордалық Бексұлтан Айтбай екінші, шығысқазақстандық Ерсұлтан Тұрсынбеков үшінші орынға тұрақтады. Енді алда ауыр және аса ауыр салмқатардағы жарыстар өтеді. Астана қаласындағы ішкі біріншілік 22 қарашаға дейін жалғасады.

8 миллиард теңге үнемделді

Бұл – легионерлерге бюджеттен ақша бөлмеу бастамасының нәтижесі. Спортқа жауапты министр Ербол Мырзабосынов осындай мәлімдеме жасады.  Былтыр спорт туралы заң жобасы қаралып, легионерлерге бюджеттен қаржы бөлмеу туралы норма енгізілген еді. Аталмыш тетік Мәжіліс қабырғасында қызу талқыланды және артынша оған Мемлекет басшысы қол қойды. Енді, міне, қысқа аралықтың ішінде, яғни бір жылдың ішінде 8 миллиард теңге үнемделген.  «Қазынадан қалған қаржы енді балалар спортын дамытуға жұмсалады», - деді ведомство басшысы.

Садриддин Ахмедов рингке оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы ұзақ үзілістен кейін, яғни араға 1,5 жыл салып қайтадан жекпе-жек өткізеді. Ол 4 желтоқсан күні Стамбұл қаласында ресейлік Сергей Лубковичпен жұдырықтасады. Қос боксшы бірінші орта салмақта өзара мықтыны анықтайды.

Садриддин бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 15-інде жеңіске жетті.  Бір кездесуі тең аяқталды. Тағы бір айта кетерлігі, Садриддин 13 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Сергейдің көрсеткіші – 23 жекпе-жек, 20 жеңіс. Садриддин соңғы рет 2025 жылдың сәуірінде, ал Сергей 2026 жылдың тамызында кәсіпқой рингке шықты. Екеуі енді IBA Pro ұйымдастыратын бокс кешінде жолығады.  

Сондай-ақ оқыңыз: