Астанада қоғамдық көлік тегін қатынайды
Бүгін Астанада қоғамдық көлік тегін қатынайды.
ЛРТ қала маңындағы автобус бағыттарында да жол жүру тегін. Азаматтардың жүріп тұруына қолайлы жағдай жасап, сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін әкімдік осындай шешім қабылдады. Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, түнгі сағат 23:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмыс істейді.