Қазақстанда ұялы байланыс абонентінің саны 26 миллионға жетті

Елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны артып, 26 миллионға жетті.

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық. Абоненттердің жалпы санының 18 миллионы интернетке қосылған. Мұнда бір жылдағы өсім 4,8 пайыз. Ал ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлік болады. Саладағы жыл басынан бергі қызметтердің көлемі 190 миллиард теңгеден асады. 

Ұялы байланыс абоненті – 26 млн – 3,6% 

18 млн абонент – интернетке қосылған

Абоненттерге көрсетілген қызмет – ₸191,3 млрд

Үндістан мен Шри-Ланкада тасқыннан опат болғандар саны 19 адамға жетті. Метереологтардың айтуынша, кейінгі 30 жылда алғаш рет тым көп жауын түскен. Артынша өзен суы деңгейінен көтеріліп, арнасынан тасыды. Мұнан соң аймақты су басып қалды. Салдарынан қозғалыс шектеліп, жүріс-тұрыс тоқтады. Егістік алқаптарын тасқын су шайып кеткен. Қазір құтқару қызметі зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Мамандар алапат табиғат апатын Фенгал циклонымен байланыстырады.