Жыл басынан бері 251 медициналық мекеме пайдалануға берілді
Жаңа нысандар шалғай аймақтарда бой көтеріп, 1 мыңнан астам ақ халатты жұмыспен қамтылды.
Бас-аяғы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 ғимарат салу жоспарланып отыр. Оның 257-сі медициналық пункт, 238-і фельдшерлік пункт және 160-і дәрігерлік амбулатория.
655 медициналық мекеме пайдалануға беріледі
медициналық пункт - 257
фельдшерлік пункт - 238
дәрігерлік амбулатория - 160