Астанада бала тәрбиесіне қатысты халықаралық конференция өтті
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нығая түсуі қажет. «Тәрбие – тал бесіктен» қағидатын жас отбасыларға түсіндіру маңызды. Бұл туралы Жастар мен балалар тәрбиесіне қатысты өткен халықаралық конференцияда айтылды. Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, оны дәріптеу мақсатында бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Айта кетейік, биыл алғаш рет барлық білім беру ұйымдарында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылған.
Нәзипа Шанай, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
- «Әкеге хат» деген үлкен жобамыз бар. Қазір әке мен баланың арасы алшақтап кеткен кезең. Әкенің орны өзгеше. Әкелерімен уақыт өткізуге уақыт болмай жүрген әкелерге аналары ұйымдастырып хат жазса, әкеліп сезім пайда болып, қарым-қатынас жақсарады.
Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
- Қазірде мемлекетімізде Президент бастамасымен балаларға арналған біраз реформа жүзеге асып жатыр. Мысалға, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, «Жайлы мектептер» жобасы, Қазақстан халқына қорының 67 әлеуметтік маңызы бар жобалары. Мәселен, 3 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» қамқорлық және «Қазақстан халқына» қорымен бірге біз 37 оңалту орталығын аштық.