Академик: Халқымыз Тәуелсіздікке тар жолмен тайғақ кешіп келді

Халқымыз Тәуелсіздікке тар жолмен тайғақ кешіп келді. Ата-бабамыз аңсаған егемендікке араға ғасырлар салып қол жеткіздік. Арнамызға берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы, академик Марат Әбсеметов ел егемендігіне қатысты осындай пікір білдірді. Ғалымның айтуынша, Тәуелсіздік дегеніміз – ішкі-сыртқы саясатты дербес жүргізіп қана қоймай, елдің өзі таңдаған дамудың даңғыл жолына түсу. «Қазақстандықтар, әсіресе жастар тарапы егемендік ұғымын дұрыс түсінсе екен», – дейді Марат Әбсеметов.

Марат Әбсеметов, академик, тарих ғылымдарының докторы:

- Мынау біздің Тәуелсіздігіміз күреспен келді. Қанмен келді. Сондықтан осы жақсы өмір сүру үшін күресу керек. Білімге ұмтылу керек. Елімізді, халқымызды көтеру керек. Ана тілімізді білу керек. Мәдениетімізді, тарихымызды дәріптеу керек. Сонда біз ұлы халық боламыз. Қазақстанның Тәуелсіздігі, егемендігі толыққанды болады деп ойлаймын.