Көші-қон заңын бұзған 113 шетел азаматы елден шығарылды
Биыл Жетісу облысында 113 шетел азаматы көші-қон заңын бұзған. Сот үкімімен олар мемлекет аумағынан шығарылды.
Депортацияланғандардың дені құжатқа салғырт қарап, елде жүріп-тұру мерзімін өткізіп алған. Жыл басынан бері Жетісу өңіріне 27 мыңнан астам адам саяхаттап келген. Солардың 10 мыңы уақытша тұруға рұқсат алған.
Жұлдыз Құсайынова, Облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
-2023 жылдан уақытша тұру келісім бойынша СКЛ өзгерістер енгізілген. Барлық қызмет ХҚКО арқылы өткізеді. Сол жерге құжаттарын өткізеді. Бізге қанша тіркелді қанша шықты сол ғана көрінеді.