Сертификатталмаған пиротехникалық заттар тәркіленді

Сертификатталмаған пиротехникалық заттар тәркіленді

Жаңа жыл басталмай жатып, елде 77 мың дана және 25 мың қорап сертификатталмаған пиротехника тәркіленді.

Құқық бұзушылықтар полицейлер мен өртке қарсы қызмет бірлесе өткізген жедел - алдын алу шаралары барысында анықталды. Мамандар пиротехникалық заттарды пайдалануда қауіпсіздік ережелері сақталмаса, зардабы ауыр болуы мүмкін дейді. Контрафактілік және қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді сатудың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның алғашқы кезеңінде 172 заң бұзушылық анықталды. Екінші кезең 20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өтеді. Бұдан бөлек 20-31 желтоқсан аралығында Ішкі істер министрлігі «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізбек. 

Асылбек Идрисов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

- ӘҚБ кодексте азаматтардың тыныштығын бұза отырып, елдімекендерде және облыс үшін белгіленбеген жерлерде пиротехниканы қолданғаны үшін 436 баптың 2 бөлігімен 73 840 теңге болатын мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ тыныштықты бұзғаны 18 460 теңге айыппұл мөлшерінде қарастырылған. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды еркін саудалауға тыйым салынған немесе заңмен шектелген тауарлар ретінде қарайтын болсақ, ӘҚБ кодексінің 196 бабында 92 300 теңге айыппұл көзделген. Сондай-ақ бұл айыппұлдан басқа пиротехникалық бұйымдарды тәркілеу қарастырылған.