Шымкентте үш мыңнан астам жер теліміне қатысты қаулы күші жойылатын болды
Шымкентте үш мыңнан астам жер телімді мемлекет қажеттілігіне қайтару туралы шешімнің күші жойылатын болды.
Себебі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арналған құрылыс жоспары өзгертіліп, кейбірі мүлде тоқтатылған. Бірақ меншік иелері бұған дейінгі шыққан шешімнің әсерінен үйі мен жерін сата алмай әлек. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, Шымсити шағын ауданында жоспарланған автожол мен жолайрық құрылысы өзгертіліп, қосымша жер телімі қажет болмай қалған. Қонаев атындағы даңғылдың жалғасын салу кезінде де жобаға бірнеше де толықтырулар енген. Антикор қызметкерлері сыбайластықты болдырмау үшін әрбір шешім жүйелі зерделеуден өткізіліп, ашықтық қамтамасыз етілу керектігін атап өтті.
Алексей Колосков, Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Біздің бастамамызбен жер уческелерін қайтару туралы қаулылардың күші жойылатын болады. Қазіргі таңда үш жүзден астам жер телемді мемлекет қажеттілігіне алу туралы 4 жыл бұрын шыққан шешімнің күшін жою қарастырылуда. Бұл тәжірибе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға көмектеседі.