Қазақстанда 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Елде жыл басынан бері 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Оған қоса, 37 халықаралық және 98 аймақтық жеткізу арналарының жолы кесілді. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, соңғы 11 айда 4 мыңнан аса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында 50 мыңға жуық есірткіге қатысты ақпарат жойылды және заңсыз тауарды жарнамалаған 36 азамат ұсталды.
Бұл туралы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды. Президент жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудағы басым бағыттардың бірі, – деді Бас прокурор Берік Асылов. Қазір елде есірткі қылмысымен күресетін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр.