Қарағандылық зейнеткерлер үшін би кешін өткізетін орын белгіленді

Қарағандылық зейнеткерлер енді би кешін арнайы белгіленген орындарда өткізе алады, деп хабарлайды 24KZ. Қарттар жаз бойы орталық саябақта жиналатын. Ал қыста жергілікті биліктің шешімімен есту қабілеті нашар жандарға арналған мәдениет үйін жағалап жүрді. Қариялар мұнда көңіл көтеріп, шүйіркелесіп қайтады.

Би кештері түрлі тақырыпта өтеді. Соған сай әндер таңдалып, арнайы киім кию міндеттеледі. Мысалы, жаңа жылдық кешке Аяз ата мен Ақшақарды өз араларынан сайлаған. Келушілер түрлі маска тағып, ертегі кейіпкерлерінің кейпіне енді. Любовь Данилюк әр жиынды көңілді ұйымдастыруға атсалысып жүрген белсенділердің қатарынан.

Любовь Данилюк, қала тұрғыны:

- Мұнда жақындары, туыстары жоқ жалғызілікті жандар көп. Өзара сөйлесіп, жан дүниеміз босап қалады. Оның үстіне билеп қозғаласың. Ал қозғалыс – ұзақ өмір сүрудің басты қағидасы.

Бұған дейін би кештері қаладағы орталық саябақта өтетін. Ал күн суытқалы далада жиналу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты жергілікті билік есту қабілеті нашар жандарға арналған мәдениет үйінен орын берген. Қазір мұнда 60-тан аса адам тұрақты түрде келіп жүреді. Ең үлкені 84 жаста.

Айым Асанова, қалалық мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының бөлім басшысы:

- Аптасына бір рет бұл кішілер оратлық саябаққа би кешіне жиналатын. Қыс бастала өздері өтініші білдірді қыс мезгіліне де билегіміз келеді деп. Содан басталды барлығы. Бұл кісілермен өте көп әңгімелесеміз, барлығының тарихын білеміз, таныспыз. Енді биге келетін себептері көңіл күйімізді көтереміз дейді. Көбі – жалғызбасты кісілер.

Мәдениет үйіне жиналатын зейнеткерлер арасында биді кәсіби дәрежеде меңгергісі келетіндер бар. Олар үшін арнайы хореограф бекітіліп, тегін үйірме ашылған.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақакмбаев, Зарина Зұлпыхар.