Таразда ұзаққа созылған канал құрылысы биыл аяқталады

Таразда Сеңкібай каналын бетондау жұмысы 5 жыл бұрын басталғанымен әлі күнге аяқталмаған.

Қазір 22 шақырымдық арнаны жаңғырту жұмысы жартысынан енді асты.

Миллиардтап қаржы бөлінген құрылыстың ұзаққа созылуына не себеп?

Сеңкібай каналы Талас өзенінің суын байзақтық шаруаларға жеткізетін алып арна. Онымен 4 мың гектардан аса егістік суарылады. Сондықтан 2020 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд 232 млн теңге бөлініп жаңғырту жұмысы басталып, екі жылда аяқталуы тиіс еді. Бірақ бүгінге дейін созылып, каналдың 13 шақырымы ғана бетондалды. Құрылыстың кешеуілдеуіне бірнеше мәселе кедергі болды, - дейді мердігер. 

Нұржан Әбдірахманов, мердігер компанияның жоба менеджері:

- Бұл жерге өте көп мөлшерде грунт керек болды. Суглинок именно. Сол грунт табылмаған себепті біріншісі, екіншіден, жер каналы болғандықтан жақын жерлерге су сіңе бергеннен кейін жерасты суы өте жақын. Тұрғындардың құрылыстары каналға жақын салынып кеткен. Ол да кедергі болды. Сол себепті проект өзгерді.

Жұмыстың ауқымына байланысты каналды қабылдау уақыты да биылға дейін ұзарды. Жалпы арна толық трапеция түрінде бетондалуы тиіс еді. Бірақ 5,5 шақырымы Қайнар, Родничок, Ақжол мен Тастақ елді мекендерінен өтеді. Сол себепті ол аралыққа дайын бетон құрылымдары орнатылмақ. Бірақ оның қоршауы болмағандықтан тұрғындар үшін қауіпті, - дейді мәслихат депутаты. 

Талғат Дүйсенов, қалалық мәслихат депутаты:

- Қоршау жоқ каналдарда. Сабақтан елуінші мектептен шыққан кезде көп оқушылар осы каналдың бойымен жүреді. Одан кейін жаяу жүргіншілер қолдан жасап алған. Солардан өтеді. Ертең өте қауіпті да. Скл Екі бала үш бала ағып кеткен былтырлары мысалы. Сондай жағдайларды болдырмау үшін менің ойымша қоршауды дер кезінде істеу керек.

Сеңкібай каналы бойында 15 мың адам қоныстанған. Демек арна жағасын абаттандырып, демалыс аймағын құру керек, - дейді депутаттар. Бірақ жобаға жауапты «Қазсушар» мекемесінің мамандары бұған қаржы бөлінбегенін алға тартады. 

Бауыржан Шынарбек, облыстық "Қазсушар" мекемесінің инженері:

- Қоршау бойынша негізі біздің негізгі мақсатымыз ол жерде каналды жер арнадан бетонды арнаға ауыстырып диқандарға шаруаларға Скл су жеткізу болған. Сондықтан қандай да бір қосымша жұмыстарды атқару үшін бізге қаражат қарастырылмаған. Скл Сондықтан  көп жақты қаралу керек деп ойлаймын. Мынау партиялармен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып соның шешімін табамыз деп ойлаймын.

Ұзаққа созылған каналдың құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Ал арнаны қоршап, абаттандыру үшін депутаттар жергілікті билікке тиісті сұрау жібереді. Егер жоба мақұлданса, арна аумағы демалыс аймағына айналады.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә