Солтүстік Қазақстан облысында Қарулы күштердің 700-ден астам өкілі бірнеше топқа бөлініп, зардап шеккендерді эвакуациялау мен бөгеттерді нығайту жұмыстарына көмектесіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға толық көлемде өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі жергілікті халықпен кездесуде мәлімдеді.