Түркияда өрт құрбандарының саны артты

Түркияда өрт құрбандарының саны 11 адамға жетті.

Тағы 70-тен астамы жарақат алған. Елдің оңтүстік-шығысында егістік алқапартары өртенген. Жел тұрып, оның екпінімен тілсіз жау тез таралып кеткен. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазір ол толық сөндірілген. Десе де, ауа райына байланысты аймақта бақылау жалғасып жатыр.