Балқан түбегіндегі елдерде жарық сөніп қалды

Балқан түбегіндегі бірнеше мемлекетте жарық жаппай сөніп қалды.

Оған нақты не себеп болғаны ресми түрде әлі жария етілген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша күннің ыстығынан электр желілерінің жүктемесі шамадан тыс артып кетсе керек. Жарықсыз қалған елдердің қатарында Босния және Герцговина, Албания, Хорватия мен Черногория,бар. Мұнда қазір күн ыстық. Енді дәрігерлер медициналық көмекке жүгінген азаматтар саны күрт арта ма деп алаңдаулы.

Гентияна, Подгорица тұрғыны:

"Қиын болды. Мынадай ми қайнатар ыстықта желдеткішті не кондиционерді қоса алмай әбден әбігерге түстік."

Нью-Делиде 74 жылда болмаған ыстық маусым болып тұр

Үндістан 

Үндістанда да қазір күн шыжып тұр. Ел астанасында кейінгі 74 жылда болмаған ең ұзақ ыстық маусым орнаған. Қалада осымен 40 күндей күндіз ауа температурасы 40 градустан төмен түспей тұр. 28 мамырда тіпті көрсеткіш 50 градусқа таяған. Салдарынан шаһарда ыстықтан 70-ке жуық адам көз жұмған.