Газа секторында бір тәулікте 36 адам мерт болды

Израиль әскері Газаның шығысында Зейтун ауданын бомбалап, 6 адам қаза болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы бірнеше адам зардап шеккен. Олардың көбі бала. Қазір олар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Соққы сол аудандағы мектептердің біріне дөп тиген. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес бір тәулікте Израиль күштерінің аймақты атқылауынан 40-қа жуық адам көз жұмды. Олардың көбі сәбилер мен балалар. Ондаған адам жарақат алған. Ал өткен жылдың қазан айынан бері жалғасқан қақтығыс құрбандарының саны 44500-ден асты.