Флорида губернаторы Мексика шығанағының атауын өзгертіп айтты
Флорида билігі алғаш болып Мексика шығанағының орнына Америка шығанағы деген ресми атау қолданды.
Штат губернаторы ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде төтенше жағдай жариялаған. Осы ретте сайтында жаңа атауды көрсеткен. Дональд Трамп президенттік қызметіне кірісікен алғашқы күні Мексика шығанағының атауын ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Сарапшылар Ақ үй басшысы АҚШ-тың геологиялық қызметіне мұндай өзгеріс енгізгенімен, оны халықаралық деңгейде мойындатуы екіталай дейді. Бұдан бөлек Трамп Аляскадағы Денали тауының МакКинли деген бұрынғы атауын қайтарды. Сөйтіп Барак Обама тұсында қабылданған шешімнің күшін жойды.