Париж мэриясы X әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасын жауып тастады

Париж мэриясы Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтын жауып тастады.

Бұл,,,компанияның басшысы америкалық миллиардер - Илон Маскқа қатысты қабылданған шешім. Франция тарабы әуелден-ақ Х платформасында шындыққа ұласпайтын ақпарат жария етіліп, желінің алауыздық алаңына айналағанын айтып келген. Ал Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінен кейін нақты шешім қабылдаған. Себебі АҚШ Президенті қызметіне кіріскен алғашқы күні мемлекеттік басқару тиімділігі департаментін құру туралы жарлыққа қол қойды. Алдын ала мәлімет бойынша, оны Х әлеуметтік желісінің басшысы Илон Маск басқару керек.