Бұрынғы тележүргізуші Пентагон басшысы болды

АҚШ-тың қорғаныс министрі болып, бұрынғы тележүргізуші әрі әскери қызметкер Пит Хегсет тағайындалды. Оның кандидатурасына қатысты қызу талқы болды. Өйткені ол адам зорлады деген айыпқа іліккен. Бірақ Хегсет кінәсін мойындамай отыр. Сондықтан Сенаттағы дауыс беру кезінде пікірлер екіге бөлінді. Соңғы шешімді вице-президент қабылдап, оның кандидатурасын мақұлдады.

Енді Пентагон басшысы қорғаныс саласындағы сатып алу процестерін өзгертіп, инновациялық технологиялар енгіземін деп отыр. 44 жастағы Пит Хегсет кезінде Ауғанстан, Ирак пен Кубада әскери қызмет атқарған.