АҚШ-та Мексика шығанағының атауы ресми түрде өзгертілді

АҚШ-та ресми түрде Мексика шығанағының атауы Америка шығанағы деп ауыстырылды. Тиісті ақпарат ішкі істер министрлігінің сайтында келтірілген. Онда бұл шығанақ АҚШ сауда-саттығы, энергетикасы мен теңіз өнеркәсібі үшін маңызды су жолы екені туралы жазылған.

Дональд Трамп президенттік қызметіне кірісікен алғашқы күні бұл атауды ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған еді. Сарапшылар: «Ақ үй басшысы АҚШ-тың геологиялық қызметіне мұндай өзгеріс енгізгенімен, оны халықаралық деңгейде мойындатуы екіталай», – дейді. Мексика тарабы да Трамптың шешімімен келіспей,  шығанақтың тарихи атауын сақтап қалуды талап етіп отыр. 

Сауалнама: 

- Иә, билік Трамптың қолында. Ол елге келген мигранттарды үйлеріне қайтара алады. Бірақ Мексика шығанағының атауын өзгерту – ақылға қонбайтын дүние.

- Бұл дұрыс емес. Әуелден-ақ бұл Мексика шығанағы болған және солай болып қала береді. Трамп мұндай маңызды сұрақта біржақты тәртіпте шешім қабылдай алмайды.