Оңтүстік Корея прокуратурасы Юн Сок Ёльды айыптады
Оңтүстік Корея прокуратурасы импичмент жариялаған президент Юн Сок Ёльге көтеріліс жасады деген айып тақты, деп хабарлайды 24kz.
Юн наразылық шеруінің күдікті жетекшісі ретінде қамауға алынды. Құқық қорғаушылар оған өткен жылдың желтоқсан айында заңсыз әскери жағдай енгізгені үшін айып тағылғанын растады. Негізі мұндай қылмыс үшін айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы көзделген. Бірақ кейінгі бірнеше жылда Оңтүстік Кореяда жазаның ауыр түрі болған емес. Сол себепті Юн кінәлі деп танылған жағдайда бірнеше жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Оппозициялық партия да бұл шешімді құптады.