Дания Гренландияны қорғауға екі миллиард доллар бөледі

Дания Гренландиядағы әскери әлеуетін күшейтуге кірісті.

Осы мақсатта дат үкіметі 2 миллиард доллардан аса қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған. Ақша 3 Арктикалық әскери теңіз, үлкен аумақты қамти алатын 2 дрон және соңғы үлгідегі озық жер серіктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Бұл туралы Дания Қорғаныс министрі Троэлс Лунд Поулсен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Негізі аралдың қорғаныс саласына қатысты ақша кейінгі 10 жылда едәуір қысқарған еді. Бірақ АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Гренландияны бақылауымызға аламыз деуі Дания билігінің мазасын қашырды.