АҚШ-та жұмыртқа екі есе қымбаттады

Он дананың орташа бағасы 8 долларға жуықтады.

Яғни біздің ақшаға шаққанда 4 мың теңгеден асады. Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа бағасы биыл тағы 20 пайызға көтеріледі деп ескертті. Қымбатшылыққа 2022 жылы басталған құс тұмауы себеп. Кейінгі 3 жылда 145 миллионнан астам тауық, күркетауық және басқа құстар жойылған. Мамандар бұл вирустың таралуын шектеуге көмектеседі дейді. Өйткені АҚШ-та 1 миллионнан астам тауық асырап отырған шаруа қожалықтары бар екен. Құс тапшылығы мен қымбатшылық ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі барлық өлекселерді жоюға, қораларды зарарсыздандыруға және жаңа құстарды әкелуге бірнеше ай қажет.

Майк Викерс, кәсіпкер:

"Қазір 10 жұмыртқаны 7 доллар 45 центке сатып алып отырмыз. Оларды үстіне 14 цент қосып сатамыз. Бұл өте мардымсыз табыс. Мұндай бағамен шығынымызды өтей алмаймыз. Бірақ бізде басқа амал жоқ.

Сейдж Миллс, сатып алушы:

"Кейінші бірнеше күннің ішінде 10 жұмыртқаның бағасы 8 долларға жетіпті. Жігітімнің туған күніне торт жасап едім. Жұмыртқа үшін біраз ақшамнан қағылдым. Өте қымбат. Біз қатты тоналып жатырмыз."