АҚШ 200 заңсыз мигрантты Колумбияға депортациялады

Оларды ел астанасы Боготаға арнаулы бортпен жеткізген. Келімсектер арасында 20 бала мен 2 әйел бар.

Олар өз еркімен кеткен жоқ. Оларды отанына қайтару үшін Техас пен Калифорния штаттарында ұстаған. Колумбия билігі шетелден келген қандастарын тіркеуге алып, алғашқы көмек ұсынды. АҚШ-тан мұндай рейстер әлі де жалғасады.