Еуропада жасанды интеллект жүйесіне сұраныс артты
![Еуропада жасанды интеллект жүйесіне сұраныс артты](/media/k2/items/cache/1597335bbe88fe0fdd861526bdc99df1_XL.jpg?t=20250202_082128)
Былтыр Еуропадағы кәсіпорандардың 13%-і жасанды интеллект жүйесін енгізген, деп хабарлайды 24kz.
Еуростаттың дерегі бойынша көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 5,5%-ке артқан. Әсіресе, Дания, Швеция, Бельгияда жаңа технологияға сұраныс көп. Ең жиі қолданылатын қызмет түрі – мәтіндік деректерді талдау. Сондай-ақ жазбаша-ауызша жауап беру, сөйлеуді тану және деректерді мәтінге айналдыру бағдарламалары көп қолданылған.