Жарты айда Газаға 10 мың жүк көлігімен көмек жеткізілді
Бейбіт бітім күшіне енген жарты ай ішінде Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 10 мыңнан аса жүк көлігі жеткен. Қазір аймаққа негізінен азық-түлік тасымалданып жатыр.
Сосын дәрі-дәрмек пен өзге де ең қажетті тауарлар жіберілуі тиіс. Бұған дейін Израиль әскері аймаққа гуманитарлық көмектің жеткізілуін шектеген. Бірақ өткен айда жағдай өзгерді. Өйткені 19 қаңтарда еврей елі мен палестиналық ХАМАС тобы бейбіт бітімге қол қойып, Газаға халықаралаық ұйымдардың көмегі тиелген жүк көліктерінің кіруі жеңілдеді. Бұдан бөлек, тараптар өңірде оқ атпауға келіскен және тұтқындармен алмасуы тиіс.