Мексиканың АҚШ-пен шекарасына 10 мың сарбаз жіберілді
Мексика билігі АҚШ-пен арадағы шекарасына 10 мың сарбазын жіберді. Бұл есірткінің заңсыз саудасымен күресті күшейту үшін жасалып отыр.
Дональд Трамп Мексика арқылы елге ірі көлемде фентанил жеткізілетінін айтады. Сонымен қоса заңсыз мигранттардың да осы шекара арқылы өтетінін алға тартады. Сол үшін мұндағы бақылауды күшейтіп, тіпті көрші мемлекеттен импортталатын тауарларға 25% баж салығын салатынын жария етті. Бірақ Мексика президенті шекарада сарбаздар санын арттыруға келіскеннен кейін бұл шешім бір айға кейінге қалды.