Нигерияда 17 бала тірідей өртеніп кетті
Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кетті. Қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Тағы денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.
Елдің Төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады. Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.
Халифа Абубакар, мұғалім:
- Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты.