Ереуілшілер Илон Масктан АҚШ әкімшілігінен кетуді талап етті

Вашингтонда жүздеген адам шеруге шығып, миллиардер Илон Масктан АҚШ президетінің кеңесшісі қызметінен кетуді талап етті. Ереуілшілер арасында Демократиялық партия атынан сайланған сенаторлар мен конгресмендер, заңгерлер мен киберқауіпсіздік сарапшылары бар. Олар Капитолий маңына жиналған.

Шерушілер Илон Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаментінің Қаржы министрлігіне қарасты төлем базасына кіруге рұқсат алғанына қарсы. Олардың айтуынша, бұл салық – төлеушілер мәліметтерінің құпиялылық ережесіне қайшы әрекет. Бұған дейін миллиардер бұл деректер мемлекеттік бюджетке мониторинг жүргізіп, артық шығынды қысқартуға қажет деп мәлімдеген.