Канада АҚШ-тан келетін мигранттарды қарсы алуға әзірленіп жатыр

АҚШ-тан мигранттар нөпірі Канадаға ағылуы мүмкін. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың келімсектерді жаппай депортациялау жарлығынан кейін Канада осылай деп алаңдап отыр.

2017 жылы Трамп алғаш рет президент болып сайланғанда Канадаға босқындар легі ағылып, саны 140%-ке өскен болатын. Қазір Шекара қызметінің агенттігі Америкамен шектесетін аймақта мигрант қабылдау орталығын ашқалы отыр. 3 ақпанда көршілес екі ел шекара қауіпсіздігін күшейту және есірткімен күрес деңгейін арттыруға қатысты келісімге келген еді. Содан кейін Трапм Канада тауарларына қарсы енгізелі жатқан алым-салықты 30 күнге шегерді.

Исаак Оппоң, қоғамдық белсенді:

- Біз қоғамдық ұйым ретінде мигранттарға көмек қолын созамыз. Оларға көрпе-жастық сияқты қажет заттар алып береміз. Бұл мәселеге адами тұрғыдан қарауымыз керек деп ойлаймын. Әйтпесе босқындардың жағдайы қиын. Басар тау, барар жері жоқ.