Буэнос-Айрестегі су арнасы қызыл түске боялды

Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі су арнасы қызыл түске боялды. Тосын жайт тұрғындардың үрейін алды. Әзірге төтенше жағдайдың себебі белгісіз.

Жергілікті ақпарат құралдары суға бояғыштар немесе жақын маңдағы зауыттардан химиялық қалдық төгілуі мүмкін деп жазды. Мұны жергілікті халық та растап отыр. Өйткені олар аудандағы былғары және тоқыма фабрикаларының улы заттарды суға тастағанын талай көрген. Бірақ дер кезінде дәлелдеуге қолдары қысқа болыпты. Экологтар ластанған судың тұнбасын алып, зерттеуді бастады.