Израиль Ливандағы «Хезболла» нысандарын шабуылдады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» нысандарына 2 әуе соққысын жасады. Негізінен қару-жарақ сақталған қоймалар бомбаланған. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Израиль бұл шабуыл оқ атпау режимінің аясында жасалғанын айтады.
Келісім бойынша Израиль «Хезболла» тарапынан белсенділікті байқаған жағдайда бейбіт бітімге арағайын елдерді ескерту арқылы шабуылдай алады. Негізі мәміле талабына сәйкес Израиль Ливаннан 27 қаңтарға дейін өз әскерін әкетуге тиіс болатын, алайда әкетпей қойды. Кейін бұл келісім АҚШ-тың араласуымен 18 ақпанға дейін ұзартылды.