Аляскада шағын жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

АҚШ-тың Аляска штатында шағын жолаушылар ұшағы жоғалып кетті.

Уналаклит қаласынан Ном шаһарына бет алған ұшақ Бэринг эйр әуе компаниясына тиесілі. Оның бортында 1 ұшқыш, 9 жолаушы болған. Соңғы ақпарат бойынша әуе көлігі көкке көтерілген соң 40 минуттан кейін бақылау радарынан із-түссіз ғайып болған. Метеорологтар жазбасы бойынша сол уақытта жел екпіні күшейіп, қар жауып тұрған. Оқиға аймағында құтқарушылар іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті.

Цитата:

«Ауа райының қолайсыздығы мен нашар көріну жағдайына байланысты әуе арқылы іздестіру жұмыстары шектеулі деңгейде жүргізіліп жатыр. Ұлттық гвардия, жағалау күзеті және полиция мамандары жұмылдырылды. Жоғалған жолаушылар мен олардың жақындарына қолдау білдіре отырып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райының қолайсыздығына байланысты жеке іздеу топтарын құрмауға шақырамыз».

Ноум ерікті құтқарушылар департаменті