Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкция салды

Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкция салды.

Ол Израиль премьер-министрін қолдау мақсатында қабылданған шешім. Өйткені бұған дейін бұл халықаралық орган БиньямИн НетаньЯхуды қамауға алу туралы ордер берген еді. Саясаткер Газа секторында әскери қылмыс жасады деп айыпталуда. Бірақ Дональд Трамп халықаралық қылмыстық сот өз өкілеттігін асыра пайдаланды дейді. Өйткені Израиль бұл органға мүше емес. Сондықтан оның заңды күшін мойындамайды. Енді санкцияға сәйкес, америкалықтар мен олардың одақтастарына, сондай-ақ отбасы мүшелеріне қарсы тергеуді қолдайтын халықаралық қылмыстық соттың өкілдеріне виза берілмейді және активтері бұғатталады.