Санторини аралында бір аптада 7700 рет жер сілкінді

Грекияның Санторини аралында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Мұнда бір аптада 7500-ден аса жерасты дүмпуі тіркелген. Ең қуаттысының магнитудасы 5,2 балға жеткен. Аралдан 11 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Ауруханалар жоғары дайындық жағдайына көшіріліп, демалыстағы дәрігерлерің барлығы жұмысқа шықты. Өңірге қосымша медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, әскерилер мен құтқарушылар келді. Төтенше жағдай 3 наурызға дейін жалғасады. Санторини – туристер арасындағы танымал орындардың бірі. Қазір мұнда демалыс маусымы емес. Сондықтан сырттан келгендер аз.