Швецияда қару туралы заң қатаңдатылады

Швеция үкіметі қару туралы заңды қатаңдатуға бет бұрды, деп хабарлайды 24kz.

Оған Эребру қаласындағы оқиға себеп. Бірнеше күн бұрын мұнда білім беру мекемесінде атыс болып, 11 адам көз жұмған еді. Арасында оқ атқан қаскөйдің өзі де бар. Тағы ондаған адам жарақат алды. Шабуылды 35 жастағы тұрғын ұйымдастырған. Оқ атуға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Анықталғандай, қаскөйдің бірнеше қару ұстауға рұқсаты болған екен. Енді билік жартылай автоматты қаруды ұстауға лицензия беруді шектеуді ұсынып отыр. Сонымен қоса, психикалық аурулары бар адамның қолына қару түспес тексерісті күшейтуді жоспарлап отыр.